Бүгін Брюссельде Еуроодақ саммиті басталады

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бүгін Брюссельде Еуропалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары мен мемлекет басшыларының саммиті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Еуроодаққа мүше 27 елдің көшбасшылары екі күндік саммитке жиналады.

Отырыс бүгін президенттер немесе Еуропа мемлекеттері премьер-министрлерінің жұмыс барысындағы түскі асымен басталады.

Саммит қатысушылары әдеттегідей Еуропа парламентінің президенті Роберто Метсоломен пікір алмасады.

Сонымен қатар саммиттің алғашқы күні ЕО көшбасшылары НАТО Бас хатшысы Ценс Столтенбергпен кездеседі.

Еуропалық кеңес баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ЕО басшылары Брюссельде Украинаға материалдық көмек көрсету, Еуропа экономикасы, қауіпсіздігі мен қорғанысы, миграцияны реттеу, Қытаймен және басқа да мемлекеттермен қарым-қатынасы мәселелерін талқылайды.


Соңғы жаңалықтар