Бүгін Бразилияда президент сайлауы өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жексенбі күні бразилиялықтар ел президентін, 81 сенатордың 27-сін, Депутаттар палатасының бүкіл 513 мүшесін және 27 губернатор мен штаттың заң шығарушы органының басшыларын сайлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Президент және губернатор сайлауында бір де бір үміткер дауыстың жартысынан көбін жинай алмаса, екінші кезең 30 қазанда өтеді.

Президент креслосына екі саяси тұлға - қазіргі президент Жаир Болсонару мен елді 2003-2010 жылдары басқарған бұрынғы президент Луис Инасиу Лула да Силва таласады.

Сайлаудың алдында өте агрессивті сайлауалды үгіт науқаны болды.

Жеңімпаз өте ауыр экономикалық жағдайда қалған елді басқаратын болады.

Пандемия кезіндегі экономиканы ынталандыру шығындары және Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейінгі экономикалық құлдырау салдары инфляция мен тұтыну бағасының өсуіне әкелді.

Ең қатты зардап шеккендер - соңғы айлардағы экономикалық өсімге қарамастан, күнін әрең көріп жүрген табысы төмен бразилиялықтар.

Алайда көптеген шолушылардың пікірінше, президент сайлауы, ең алдымен, Бразилия демократиясына қатысты референдумның бір түрі болмақ.


Фото: reuters.com




Соңғы жаңалықтар