Бүгін бірнеше өңірде мектеп оқушылары үйден оқиды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде мектептер онлайн білім беруге ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абай облысындаСемей қаласында, Бесқарай ауданында 1-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды. Аягөз ауданының 1-4 сынып оқушылары да онлайн форматқа көшіріледі. Өңірдің қалған аудандарында сабақ штаттық форматта өтеді.

Павлодар облысының Екібастұз қаласында барлық мектептер қашықтан білім беруге ауыстырылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 16-17 қаңтар күндері Маңғыстау облысының барлық білім беру ұйымдары онлайн білім беруге көшіріледі. Ақтау қаласындағы облыстық мамандандырылған интернат оқушылары офлайн оқуын жалғастырады.

16-17 қаңтар күні Жамбыл облысындажалпы орта мектептердің мектепалды даярлық және 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды.


Соңғы жаңалықтар