Бүгін Бейжің Олимпиадасының жабылу рәсімі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты түрде жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шараны Qazaqstan, Qazsport және Хабар телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен 17:20-да басталады.

Еске салайық, Бейжіңдегі Олимпиаданың ашылу салтанатында шорт-трекші Абзал Әжғалиев пен конькиші Екатерина Айдова Қазақстанның туын алып шыққан болатын.

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 34 спортшы қорғады. Олар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсті. Өкінішке қарай бірде-бірі жеңіс тұғырынан көріне алған жоқ.


Соңғы жаңалықтар