+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Бүгін Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толды

2019 жылғы 15 қараша 08:36
Бөлісіңіз:
Бүгін Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -15 қараша - ақын, жазушы, драматург Бейімбет (Бимұхамед) Жармағамбетұлы Майлиннің туған күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Автордан әдеби туындыны белгілі бір мерзімге ғана сатып алу талабы енгізіледі - министр Үлгілі әке болуға көмектесер кеңес жинақталған кітап жарыққа шықты

Бейімбет Майлин 1894 жылы Қостанай облысында туған. Арғынбай қажының медресесінде, Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, Уфадағы Ғалия медресесінде, Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде оқыған.

1923-1925 жылдары Қостанай губерниялық «Ауыл» газетінде, 1925-1928 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде, 1928-1932 жылдары республикалық «Ауыл тілі» газетінде әдеби қызметкер, редактор болды. 1932-1937 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.

Уфадағы Ғалия медресесінде оқыған жылдары татардың Ғ.Ибрагимов, М.Ғафури сынды ақын-жазушыларымен шығармашылық байланыста болды. Осы оқу орнындағы «Садақ» қолжазба журналында «Мұсылмандық белгісі» атты тұңғыш өлеңі жарық көрді. Оның алғашқы шығармалары - «Қостанай уезі, Дамбар болысы» очеркі, «Мұқтаждық», «Көңіліме» атты өлеңі, «Мал», «Шұғаның белгісі» повесі, «Болған іс» әңгімесі «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланды. «Кедейге», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз», «Жазғы жайлауда», «Наурыз түлегі», «Көк сиыр», «Біздің жастар», «Мырқымбай», «Әйт, шу... ала атым», «Қарасор», «Бер, Мырқымбай, қолыңды!», «Әй, Мырқымбай», «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Қанды кек», «Сексен сом», «Күлпаш», «Талақ», «Қара шелек», «Ақталған еңбек», «Сары ала тон», «Шапайдың хаты», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры», «Биғайшаның хаты», «Аштық құрбаны», «Сойқанды содырлар», «Кесінділер», «Алыптарды аралағанда», «Шұғаның белгісі», «Раушан - коммунист», «Азамат Азаматыч», «Қызыл жалау», «Қоңсылар», «Тартыс» атты поэмалар, фельетондар, очерктер, повестер мен романдардың, 25 пьесаның, либретто мен сценарийлердің авторы.

Бейімбет Майлин 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, саяси репрессияның құрбаны болды. Оның әйелі Гүлжамал Майлина да қамауға алынып, ҚарЛАГ-қа жіберілген.

2019 жылдың 25 маусымында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгерді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT