Бүгін Атырауда жолаушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін, 8 наурызда Атырау қаласында жолаушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Атырау қаласы әкімдігінің бастамасымен бүгін, 8 наурызда қалаішілік қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Жолаушылар таңертеңнен бастап барлық бағыт бойынша

автобустардың қозғалысы аяқталғанға дейін қолдана алады. Әкімдік тарапынан бұл мүмкіндікті тек әйелдер ғана емес, барлық тілек білдірушілер пайдалана алады», - деп

хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, бұл туралы Атырау қаласында жолаушы тасымалдайтын барлық кәсіпорын хабардар етілген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда алтын, күміс алқалы аналар қатары көбейгенін

жазған едік.


Соңғы жаңалықтар