Бүгін Атырауда су беру уақытша тоқтатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Бүгін Атырау қаласында және Мақат ауданында су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туарлы «Атырау облысы су арнасы» КМК хабарлады.

«Атырау қаласындағы Контейнерный көшесінде D630 магистралды су құбырындағы апатты учаскені ауыстыру жұмысы жүргізіледі. Осыған байланысты 11 наурыз күні сағат 23.00-ден бастап 12 наурыз күнгі таңертеңгі 10.00-ге дейін Атырау қаласында және Мақат ауданында уақытша су болмайтынын ескертеді. Сонымен қатар, су тазарту құрылғыларындағы ысырма ауыстырылады» делінген кәсіпорын таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар