Бүгін Астанада екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мектептерінде екінші ауысымда білім алатын оқушылар бүгін мектепке барып оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ikomek жедел қызметі 28 қарашада екінші ауысымдағы сабақтар өз уақытында мектепте өтетінін хабарлады.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, аяздың беті қайтқан, сондықтан балалар мектепке барады.

Еске сала кетейік, бүгін бірінші ауысымда елордалық 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыған болатын.


Соңғы жаңалықтар