АСТАНА. ҚазАқпарат – 31 наурыз күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ауа сапасы тек Астана қаласында нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.