Бүгін астанада Артспорт бағдарламасы аясында ваучерлер таратылады – жалған ақпарат

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін астанада Артспорт бағдарламасы аясында ваучерлер үлестірілетіні туралы WhatsApp арқылы тарап жатқан ақпарат жалған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«WhatsApp чаттарында бүгін астанада сағат 16:00-де Артспорт бағдарламасы аясында ваучерлер үлестірілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі ваучерлерді үлестірген емес және үлестірмейді де. Бұл жұмыс жергілікті деңгейде жүргізіледі», - делінген ведомство мәлімдемесінде.


Соңғы жаңалықтар