Бүгін Астана мен Алматы қалаларында ауа сапасы нашарлайды

2022 жылғы 26 қараша, 08:15
Бүгін Астана мен Алматы қалаларында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«26 қараша күні Астана, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», - делінген синоптиктер мәліметінде.

Еліміздің өзге қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar