+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Бүгін алты өңірде 38 градусқа дейін ыстық болады

2020 жылғы 2 тамыз 11:52
Бөлісіңіз:
Бүгін алты өңірде  38 градусқа дейін ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 тамыз күні Қазақстанның алты облысында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысында 31-36 грдаус аптап ыстық болады.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жел соғады. Күндіз басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық, төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстік иен екпіні 15-18 м/с жел соғады. 34-36 градус аптап ыстық болады. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірепғ бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Оралда найзағай ойнайды, түнде оңтүстік-батыстан екпіні 18 м/с жел соғады. Дауылдың ықтималдығы – 85-90%.

Қостанай облысында 35-37 градус аптап ыстық күтіледі. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қостанайда 36 градус аптап ыстық болуы мүмкін. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.

Қызылорда облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылдың ықтималдығы – 90-100%.

Солтүстік Қазақстан облысында 35-36 градус аптап ыстық болады. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT