Бүгін Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Шілде-Антитеррор 2021» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы терроризмге қарсы жедел штабынің мәліметінше, бүгін 16 шілде күні Бостандық ауданына қарасты «Орбита-3» шағынауданында орналасқан №5 ғимарат пен №145 жалпы білім беретін мектепте, таңғы сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес жоспарланған антитеррорлық оқыту өткізіледі.

Оқытудың мақсаты - адам көп шоғырланған жерлерде террористік қауіп-қатер туындаған кезде өзара әрекеттесу дағдыларын машықтандыру.

Білім міндеттері терроризмге осал нысандардағы терроризм актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

«Оқыту кезінде шектеу шаралары қарастырылады. Осыған байланысты, біз азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқытуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз. Расталмаған ақпаратты немесе фото және видео жариялаудан аулақ болуды өтінеміз. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әдейі жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабына сәйкес заңмен қудаланатынын еске саламыз»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапқа әкеліп соқтыратынын ескеру қажет.


Соңғы жаңалықтар