Бүгін Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында кәсіпқой бокстан үлкен кеш өтеді. Андеркартта 9 жұп кездессе, басты айқас Қамшыбек Қоңқабаев пен Иса Акбербаев арасында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иса Акбербаев бұған дейін 11 рет титулдық жекпе-жек өткізді. Оның ішінде төрт мәрте сан алуан титулға ие болды. Дегенмен, соңғы жекпе-жегінде ресейлік Евгений Тищенкоға жол берді. Ол алтыншы раундта жарысты жалғастырудан бас тартқан еді. Бұл, қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі болды.

Ал Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы тұсаукесер кездесуін өткізеді. Айта кетелік, ол жанкүйерлерге әуесқой бокста Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны ретінде белгілі. Екі-екі мәртеден әлем және Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, бүгін шаршы алаңда кездесетін жұптар:

Рай Сейітжанов (2-0, 0 КО) — Талғат Бертілеуов (0-1)
Нұрдос Төлебай (2-0, 1 КО) — Нұржан Мақашбаев (0-0-2)
Берікбай Нұрымбетов (5-0, 1 КО) — Талғат Шәйкен (дебют)
Сағадат Рахманқұлов (6-1, 4 КО) — Тұрсынбай Кұлахмет (дебют)
Нұртас Әжбенов (9-0, 4 КО) — Шовкат Халилов (Өзбекстан, 7-2, 1 КО)
Әли Балоев (9-0, 7 КО) — Юрий Быховцов (Беларусь, 10-19-3, 5 КО)
Абай Төлеш (5-0, 3 КО) — Сапарбай Айдаров (4-0, 2 КО)
Арман Рысбек (7-0, 6 КО) — Хусан Юлдашев (Өзбекстан, 7-11-1, 4 КО)
Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) — Андрей Исаев (Беларусь, 30-17, 9 КО).


Бокс кеші елорда уақытымен 19.00-де басталады. Жарыс «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар