Бүгін Алматыда бірнеше ғалым төсбелгілермен марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда бірнеше ғалым «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Аталған құрметті белгіге еліміздің химия, математика, физика, биохимия, биология, тарих, философия ғылымы саласында тер төгіп жүрген 11 ғалым лайық деп танылды. Олардың ішінде, Қ.И.Сәтбаевтың немересі, химия ғылымдарының докторы Әлима Жармағанбетова, биология ғылымдарының докторы Рауза Қонаева, химия ғылымдарының докторлары Марат Молдахметов, Григорий Мун, физика-математика ғылымдарының докторлары Юрий Нужнов, Станислав Харин, биология ғылымдарының докторы Марат Саятов, техника ғылымдарының докторлары Бақытжан Ахметов, Амандық Төлешов ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевтың қолынан «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін алды. «Бүгін елімізде ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарды жеткен жетістіктері үшін марапаттап жатырмыз. Менің ойымша, бұл лайық берілген баға. Қазақстандағы ғылымның алар орнын Елбасы өз жолдауында айтып өткен болатын. Біздің экономикамыз ғылымға негізделген болуы керек. Бұл бағытта ҚР Білім және ғылым министрлігі үлкен іс-шара жүзеге асырып жатыр. Соңғы 3 жылда ғылым саласының қаржыландыру 2,5 есе өсті. Қазір ғылыми жобалардың тиімділігі мен нәтижелілігі, ғылымның экономикада көрініс беруі бірінші кезекке шығарылды», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев. Сонымен қатар, бүгін ҚР Білім және министрлігінің Құрмет грамотасымен техника ғылымдарының кандидаты Надия Юничева, биология ғылымдарының докторы Нина Гаврилова, биология ғылымдарының докторы Қайрат Өтеулин, физика-математика ғылымдарының докторы Дулат Жұмабаев марапатталды.

Соңғы жаңалықтар