АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 1 сәуірде Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдай Алматы қаласында күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.