Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
2022 жылғы 18 мамыр 05:15

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 мамыр күні Қазақстан аумағында қолайлы метеорологиялық жағдай болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, сәрсенбі күні тек Алматы қаласында жағымсыз метеоахуал күтіледі.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT