Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетінің 80 жылдығына арналған велошеру өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ­ Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған велошеру өтті.

2500-ге тарта велошабандоздың шеруі 08.30-да "Сұңқар" Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінен басталды. Мәре алаңы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің стадионында белгіленген.

Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов және қалалық әкімшіліктің қызметкерлері, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Алматы тұрғындары, қала қонақтары, ЖОО студенттері, велоспорт жанкүйерлері мен кәсіпқой спортшылар, чемпиондар, ардагерлер қатысты.

"Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы 80 жылдығын тойлап отыр. Бұл еліміздегі ең іргелі оқу орны екендігі рас. Мұнда білікті ұстаздар шоғырланған. Олар білім берудің озық технологиясын пайдалануда. Университет студенттері салауатты өмір салтын дәріптеуде сүбелі үлес қосып жүр", - деді қала басшысы.

Шаһар басшысы оңтүстік астанада 50-ге тарта ЖОО бар екендігін, әрі әр үшінші студент ҚазҰУ-да білім алып жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар