+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Бүгін Алматы жұртшылығы Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алып, «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қоюда

2014 жылғы 9 мамыр 12:25
Бөлісіңіз:
Бүгін Алматы жұртшылығы Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алып, «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қоюда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы жұртшылығы 28 Панфиловшылар паркінде орналасқан «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, қан майданда қаза болған құрбандарды еске алуда.

Бүгін саябақта таңғы сағат сегізден әскери музыка ойнап тұр. Мемориал басына гүл шоғын қоюға ниетті қала тұрғындарында есеп жоқ.

Саябақ сол заманның атрибуты пилотка бас киімін киіп, кеуделеріне лента таққан тұрғындарға лық толы.

Соғыстан оралған ардагерлер жұртшылық тарапынан ерекше құрметке бөленуде.

02

Гүл қою шарасына қала басшысы Ахметжан Есімов бастаған ресми тұлғалар, қалалық ҰОС ардагерлері, ҚР СІМ және Алматыда орналасқан дипломатиялық корпустың өкілдері, ҚР Генералдар Кеңесі, ҚР Қарулы күштері ардагерлерінің кеңесі, ҚР Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесі, Чернобыльдағы апаттың зардабын жоюға қатысқан ардагерлердің кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары қатысуда.

03

«Бүгін біз тойлап отырған Жеңіс мерекесі - қаһармандық пен отансүйгіштіктің куәсі. Бүгінгі ұрпақтың өсіп-өркендеуі жолында Ұлы Отан соғысы майданында қаншама адам қан төкті. Сонау сұрапыл соғыстан Жеңіс туын желбіретіп жеткен ардагерлеріміз қазір жанымызда. Осындай тұлғалардың жанкешті ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету - біздің басты міндетіміз. Солардың арқасында еркіндік пен бейбітшілікте өмір сүріп келеміз. Тыл еңбеккерлерінің де жеңісті жақындатуға үлесі мол. Соғыстан кейінгі ауыр жылдарда бел жазбай еңбек етіп, ел экономикасын көтеруге олардың қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ұлы Отан соғысындағы қасиетті жеңіске қазақстандық майдангерлердің қосқан үлесі зор. Елімізден 1 млн. 800 мыңға жуық жауынгер қатысты. Солардың жартысы оралған жоқ. Олардың арасында өз еркімен аттанғандар да болды. Ұлы Отан соғысының өшпес даңқында қазақстандықтардың ерлігі мәңгілік жасай береді», - деді қала басшысы Ахметжан Есімов.

04

Әкімнің айтуынша, қалада қазір 1033 ҰОС ардагері, 1517 соғысқа қатысқан жауынгердің жұбайы, 98 блокадаға қатысушы, 65 концлагерь тұтқыны, 20835 тыл еңбеккерлері өмір сүруде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT