Бүгін Алматы «ТМД достастығының мәдени астанасы» мәртебесін ресми түрде қабылдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы «2014 жылғы ТМД достастығы елдерінің мәдени астанасы» мәртебесін қабылдауына байланысты салтанатты шара болып өтті. Бұл маңызды шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қоры басқармасының серіктес төрағасы Михаил Швыдкой, ГЫМҚ атқарушы директоры Анатолий Иксанов қатысты.

Шара барысында Алматы қаласының әкіміне Гуманитарлық ынтымақтастық департаменті өкілдері «ТМД достастығының мәдени астанасы-2014» сертификатын табыс етті.

«Бүгінде Алматыға беріліп отырған ТМД достастығының мәдени астанасы мәртебесін абыроймен атқару міндеті тұр. Алда атқаратын талай іс бар. Халықаралық қауымдастық алдындағы еліміздің мерейі әрдайым үстем болсын. Бірнеше жыл бойы ТМД аумағында өткізіліп келген мәдени оқиғаның эстафетасы сәтті түрде бізге беріліп отыр. Өздеріңіз білесіздер, Алматының мәдени орта ретінде маңызы өте зор», - деді қала басшысы.

Салтанатты шара отандық және шетелдік әртістердің қатысуымен өткен гала-концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар