Бүгін Алматы облысынан 50 бозбала әскерге аттанды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысынан 50 бозбала әскерге аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Олар еліміздің шығыс аймағында әскери борышын өтейді. Жетісу жерінен жыл сайын әскер қатарына 3,5 мыңдай жас аттанады. Биылғы күзгі шақырылымда олардың қатары 1,5 мыңға жуық болмақ.

null

Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге шақырылған кезекті топтың қатарында Дархан Ахай да бар. Ол дені сау әрбір азамат әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеуі керек. Әскери өмір адамды шыңдайды, төзімділікке үйретеді деп санайды.

null  

Соңғы жаңалықтар