Бүгін Алматы мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жексенбіде еліміздегі барлық дерлік қалада атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады. Тек Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеоахуал күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Соңғы жаңалықтар