Бүгін Алматы мен Балқашта ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 25 желтоқсанда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеожағдай қолайлы болады. Ауа сапасының нашарлауы тек Алматы және Балқаш қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар