Бүгін Ақтөбеде мектептер мен көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылады

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бүгін жылыту маусымы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғын үйлерді жылыту жүйесінен ажырату үшін тәуліктің орташа ауа райы 5 тәулік бойы +10 градустен төмен болмауы қажет.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің шешімімен тұрғын үйлерге, мектептерге жылу беру жексенбі, 17 сәуірден бастап тоқтатылады.

Ал мектепке дейінгі мекемелерге және медициналық мекемелерге 28 сәуірден бастап жылу берілмейді.

Алда жыл сайынғы «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-мен бірлесіп атқаратын магистралды және ішкі кварталды жылу желілерін көктемгі гидравликалық сынақ жұмыстары тұр.

​«Яғни, жылумен жабдықтау жүйесі жылына екі рет: күзде және көктемде тексеріледі. Осыған байланысты, 11 мамыр мен 13 мамыр аралығында Ақтөбе қаласын ыстық сумен жабдықтау уақытша үш күнге тоқтатылатынын ескертеміз» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар