Бүгін Ақтөбе мен Теміртауда ауа ластануы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК мамандары 30 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның мәліметінше, сәрсенбі күні еліміздің екі қаласында - Ақтөбеде және Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар