Бүгін Ақмола облысында үшінші ауданның әкімі ауысты

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен аудандық мәслихат депутаттарының келісімі негізінде А.Никишов Атбасар ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Атбасар аудандық мәслихатының кезектен тыс 25-ші сессиясының жұмысына қатысып, депутаттардан жаңа әкімнің кандидатурасын қолдауды сұрады.

Ұсынған кандидатураны аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, дауыс бергеннен кейін облыс әкімінің өкімімен А.Никишов Атбасар ауданының әкімі болып тағайындалды.

Аудан активіне жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі өңірде бірінші кезекте шешілуге тиісті міндеттер мен Елбасының тапсырмаларына тоқталып, ауданның жаңа әкіміне алда тұрған ауқымды жұмыстарды ерекше атап көрсетті. Сонымен бірге ол аудан активі алдында жаңа әкімге сенім білдіріп, белсенді жұмыс істеуге шақырды.

Өз кезегінде ауданның жаңа әкімі А.Никишов өзіне көрсеткен зор сенімдері үшін облыс әкімі мен депутаттарға алғысын білдіріп, осы сенімнен шығуға бар күш-жігерін салып, аянбайтындығын жеткізді.

Еске сала кетсек, бұл бүгін Ақмола облысында тағайындалып отырған үшінші әкім. Осыған дейін Ерейментау және Аршалы аудандарының әкімдері тағайындалған болатын. Атбасар ауданының бұрынғы әкімі Ж.Нұркенов облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен Аршалы ауданына әкімі болып ауысқан еді.

Соңғы жаңалықтар