Бүгін Ақ Олимпиаданың алғашқы іріктеу сындары басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 2 ақпан күні Бейжіңде Ақ Олимпиаданың алғашқы іріктеу сындары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада ойндарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, бүгін керлинг, шайбалы хоккей фристайл, сынды спорт түрінен алғашқы іріктеу жарыстары басталады.

Ал 3 ақпан күні қазақстандық фристайлшылар жарыс алаңына шығады. Естеріңізге сала кетсек, фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды.

Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің байрағын биыл алғаш рет бір емес, екі спортшы алып шығады.

Оның бірі - шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев болса, екіншісі - конькиші Екатерина Айдова. Екі спортшымыз да - құрамадағы тәжірибелі, жүлдеге таласуға мүмкіндігі жоғары спортшылар.


Соңғы жаңалықтар