Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 22 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәрсенбі күні Қарағанды, Жезқказған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар