НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 20 қазанда еліміз қалаларында күтілетін ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сәрсенбіде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (дәрежесіз) Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында болжанады.
Риддер, Семей және Өскемен қалаларында 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (бір немесе бірнеше ластаушы заттар концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан 3-тен жоғары асуы) қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.