Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 26 қаңтарда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық жағдайға болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейсенбіде ауа сапасы Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар