ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды

2022 жылғы 5 қазан, 07:28
Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні 7 қалада ауа сапасы нашарлайды. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

5 қазанда Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай және Өскемен (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Риддер(2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar