Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды

Автор:  
Мира Төлендіқызы

Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 19 қазан күні Қазақстан қалаларында күтілетін ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдай (дәрежесіз) Ақтөбе және Петропавл қалаларында күтіледі.

1-дәрежелі қолайсыз метеожағдай (бір немесе бірнеше ластаушы заттар концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан асып кетуі) Павлодар қаласында болжанады.

Қарағанды, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай (бір немесе бірнеше ластаушы заттар концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан 3-тен көп асуы) қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.







Серіктестер жаңалықтары