Бүгін 4 қалада метеорологиялық жағдайлар қолайсыз болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы және еліміздің тағы 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

10 мамырда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар