Бүгін 333 адам шетелдік көлігін заңдастырып, жаңа нөмір алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші күнінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдын ала мәлімет бойынша 5 836 өтінім мақұлданған.

Оның ішінде 333 қазақстандық мемлекеттік нөмір мен техпаспорт алды.

Айта кету керек, ХҚО сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жергілікті жерлерде мамандар өтініш берушілерге кеңес беріп, базалар бойынша құжаттарды тексеріп, әрбір өтінімді жеке қарап жатыр.

Еске сала кетейік, кеше, шетел нөмірлі көліктерді заңдастырудың бірінші күні 100 адам жаңадан құжат алған болатын.


Соңғы жаңалықтар