Бүгін 3 қалада ауа сапасы бұзылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 мамыр күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидромет мәліметінше, жексенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар