Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 23 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 23 наурыз, бейсенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Астана және Алматы қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар