Бүгін 10 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 1 желтоқсанда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер мәліметінше, сәрсенбі күні 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (бір немесе бірнеше ластаушы зат концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан 3-тен жоғары асуы) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында күтіледі.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар