Буэнос-Айрес-2018: Олимпиада ойындарының медалі таныстырылды

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - Буэнос-Айресте 2018 жылы жасөспірімдер арасында өтетін Олимпиада ойындарының медалі таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы 2018 жасөспірімдер Олимпиадасының Ұйымдастыру комитеті мәлім етті.

Медаль дизайнында Олимпиада ойындарының отшашуы бейнеленген.
null

Медальдың диаметрі 80 мм құрайды. Қорабы 110 мм, ені, ұзындығы 160 мм және биіктігі 50 мм.

Жасөспірімдер Олимпиадасына (YOG) - 15-18 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер қатыса алады. Спорт бәсекесін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ұйымдастырады.

Олимпиада 6 -18 қазан аралығында өтеді және оған 206 елден 3998 спортшы қатысады.

Соңғы жаңалықтар