Будапештте ірі көлік апаты болды: 42 көлік соқтығысып, 19-ы жанып кетті

None
БУДАПЕШТ. ТАСС-ҚазАқпарат - Венгрия астанасы Будапешттен батысқа қарай 20 км жерде М1 тасжолында ірі көлік апаты болды. 42 автокөлік соқтығысқан, оның 5-еуі — жүк көлігі, 37-сі — жеңіл көлік, деп хабарлайды ТАСС.

Ел астанасының Бас полиция басқармасы мәлім еткендей, 19 көлік жанып кеткен, 40-қа жуық адам жарақат алған.

«Ауруханаға 39 адам жеткізілді. Оның 29-ы ересек адам, 10-ы — бала. 10 ересек адам ауыр жарақат алған, 19-ы жеңіл жараланған. 4 бала ауыр жарақат алса, 6 бала жеңіл жарақат алған» деп хабарлайды Ұлттық жедел жәрдем қызметінің баспасөз хатшысы Павел Дьёрфи.

Оның айтуынша, жапа шеккендерді эвакуациялау үшін 4 тікұшақ, 16 жедел жәрдем көлігі пайдаланылған.

Жедел жәрдем бригадалары Будапешттен ғана емес, Дьёра, Татабаньи және Секешфехервара секілді басқа қалалардан да келген.

Полиция апатқа қатты жел тұрып, құмды дауыл соққандықтан жолдың көрінбей қалуы себеп болғанын айтып отыр.
М1 тасжолы— Австрияға қарай бастайтын автожол. Қазір ол екі бағытта да жабық тұр.

Соңғы жаңалықтар