Будапешт орталығында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Будапешт орталығында жарылыс болды. Бұл туралы Lenta.ru Blikk басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Кирали көшесі мен Тереза бульварында орналасқан ғимараттағы сауда орнында болды.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың қуаты оның эпицентрінен 200 метр қашықтықтан сезілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адам ауыр дене жарақаттарын алған.

Соңғы жаңалықтар