Бұдан былай мал арнайы орындарда сойылатын болады

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Үкімет қаулысына сәйкес бұдан былай мал арнайы орындарда сойылатын болады.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықовтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық тамақтандыру және басқа жерлерге қабылданатын ет өнімдері малдәрігерлік, санитарлық талаптарға толық сәйкес келетін орындарда дайындалуы тиіс. БҚО бас малдәрігерлік инспекторы Асылжан Хайретдиновтің айтуынша, өңірде мұндай орын бесеу ғана. Әсіресе, аудандар мұндай орындармен қамтамасыз етілмеген. Алдағы уақытта мал соятын алаңдар барлық елді мекендерде болуы керек. Бұл малдан, әсіресе, ірі қарадан келетін кеселдің алдын алу үшін жасалып отыр.

Соңғы жаңалықтар