+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Бұдан былай коронавирустан көз жұмғандарды кез келген зиратқа жерлеуге болады

2020 жылғы 1 шілде 12:27
Бөлісіңіз:
Бұдан былай коронавирустан көз жұмғандарды кез келген зиратқа жерлеуге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамды жерлеу тәртібіне енгізілген өзгеріс туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Біз бұл қиындықты бірлікпен жеңеміз - университет ректоры Қазақстан тоғызыншы рет Аза тұту күнін жариялады – саясаттанушы Мұхтар Төлеген: Бұл індетке үстірт қарауға болмайтынын уақыт анық көрсетті

«Шынында да, коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Ендігі уақытта КВИ-дан қайтыс болғандарды басқа жағдайда жан тапсырғандармен бір зиратта жерлеуге болады. Алайда санитарлық-дезинфекциялық талаптар қатаң сақталуы керек. Сонымен бірге жерлеу рәсімі кезінде қатысушылардың саны шектеулі болуы тиіс», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында

Еске сала кетсек Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұған дейін Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу ережесі өзгергенін мәлім еткен еді.

«Көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібі маңызды болып қалып отыр. Қазіргі тәртіпке өзгерістер енгізілді: қайтыс болған адамды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды сақтай отырып, кез келген зиратқа жерлеуге болады», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT