Бұдан былай депутаттардың сайлау алдында берген уәдесін орындауы қатаң бақыланады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Президент Жолдауында айтылғанындай, ендігәрі депутаттардың сайлау алдында берген уәдесі бақыланады. Мұндай пікірді Алматы облыстық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдауды тыңдап, елімізді алдағы уақытта оң өзгерістер күтіп тұрғанын түсіндік. Сенат депутаттар санының азаюы, Ұлттық құрылтай жасақталуы, конститутциялық сот құрылуы, 30 дан аса бапқа өзгеріс енетіні, бәрі - осының басты дәлелі. Сонымен қатар депутаттардың сайлау алдында берген уәделерін орындауы қатаң бақылауға алынатыны әрбір істің нәтижелі болуына бастайтыны анық»,- дейді «Amanat» партиясының фракция мүшесі, Алматы облыстық мәслихаттың депутаты Нұрсұлтан Жұмабайұлы.

Сондай-ақ, Алматы облыстық мәслихаттың депутаты ол үшін Жолдаудағы айтылған ең басты өзгеріс - Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы.

«Бұл - көптен бері елдің көкейінде жүрген мәселелер еді. Облыстардың құрылуы сол өңірлердің қарқынды дамуына септігін тигізеді . Әсіресе шалғайдағы ауылдардың жағдайы жақсарып, тұрмысы жандана түседі. Абай, Шәкәрім сияқты заңғарлар туған орданың гүлденуіне біз де тілекшіміз. Сонымен қатар Қапшағай қаласының Дінмұхаммед Қонаев атымен аталуы барша қазақстандық азаматтардың қолдауына ие болады деп сенемін. Президентіміздің «Мен елімнің ертең емес, бүгін бақытты болғанын қалаймын!», «Үлкен өзгерістер ауыс-түйіс жасаумен шектелмейді, өзгерістерді өзімізден бастауымыз керек» дегені - күллі отандасымызды бірлікке шақырғаны. Жолдаудан ұққан ең басты месседж - халықтың қалауы біртіндеп орындалып жатыр»,- деп қорытындылады депутат.


Соңғы жаңалықтар