Бучадағы жағдай: Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын шақыруды талап етті

Фото: None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресей тарапы Киевтің Буча елді мекенінде бейбіт тұрғындарды өлтірді деген айыптауды жоққа шығарып, сол жерде түсірілген фотолар мен видеоларды «сахналанған» деп атады. Дүйсенбіде Мәскеу Бучадағы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақыруды талап етті. Бұл туралы жексенбі күні Ресей қорғаныс министрлігінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қақтығыс барысы

Ресей Украинадағы операцияның барлық мақсаттарына жетеді, деді жексенбі күні «Мәскеу. Кремль. Путин» бағдарламасы барысында РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Ол оның алдында «Беларусь-24» телеарнасына берген сұхбатында Украинаны демилитаризациялау «қарқынды түрде жүріп жатыр» деп айтқан.

РФ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, демалыс күндері Ресей әскерилері дәл басқарылатын қарулармен Полтава мен Днепрдегі аэродромдарды жарамсыз етті, сондай-ақ Одесса маңындағы мұнай өңдеу зауыты мен үш жанармай қоймасын қиратты. Киев облысындағы аэродромға жасалған соққы Украинаның авиациялық және әуе қорғаныс күштерін ескерту және бақылау орталығын істен шығарды, деп қосып өтті ведомстводан.


Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар және Киевті қару-жарақпен қамтамасыз ету

Батыста Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы айтылп жатыр. Еуропаның Экономика жөніндегі комиссары Паоло Джентилонидің айтуынша, ЕО энергетикалық секторға әсер етпейтін және шектеулерді айналып өту қиын болатындай ойластырылған жаңа шаралар қарастыруда. Германия билігі дүйсенбіден бастап санкцияларды күшейту мәселесін талқылай бастауды көздеп отыр. Германия канцлері Олаф Шольцтің айтуынша, Берлин Украинаны да қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырады. Ұлыбритания да Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украинаға әскери көмекті арттыруға ниетті.

АҚШ Киевке тағы 300 млн доллар көлемінде әскери көмек көрсетеді (Ресей операциясы басталғаннан бері 1,6 мрд доллардан астам қаржы бөлді). Атап айтқанда, лазермен басқарылатын зымырандық жүйелер, Switchblade снарядтары және ұшқышсыз басқарылатын Puma бар.

Сонымен бірге Вашингтон Киевтің қару-жарақ алуын қамтамасыз ету үшін дүние жүзіндегі елдермен жұмыс жүргізуде, деді CNN телеарнасына берген сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. The New York Times газетінің АҚШ әкімшілігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ Украинаға Кеңес Одағы шығарған танктерді өткізуге жағдай жасайды.


Соңғы жаңалықтар