«БТА» банктің тағдырын несие берушілер комитеті шешетін болады

None
None
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Самұрық-Қазына» қоры «БТА» банктің қарызын қайта құрылымдауды қолдайды.

Сондықтан қор жанынан құрылған несие берушілер комитетінің жұмысы барысында біз оңтайлы шешімге қол жеткіземіз деп сенемін. Бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-сының төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай айтты.

«Біздіңше, «БТА» банкте қалыптасқан жағдай тұрақтанады. Осыған байланысты мен «Самұрық-Қазына» тобына кіретін барлық ұлттық компаниялардың басшыларын осы мәселеге назар аударуға шақырамын. Біз бәріміз бірлесіп, аталған банкке қолдау көрсетуіміз қажет. Бұл жұмыс ол жерде сан алуан депозит және есепшоттарды ашуға байланысты. Сондықтан банк қызметіне қатысты қандай да бір қарама-қайшы әрекеттер болмауы тиіс. Бұл - нақты әрі ашық ұстаным», - деп атап көрсетті Ө.Шөкеев.

Қор төрағасы атап көрсеткендей, қазіргі кезде осы мәселеге қатысты несие берушілер комитеті құрылып жатыр. «Біз бұл комитеттің жұмысы барысында несие берушілермен кездесіп, «БТА» банкті екінші рет қайта құрылымдау бойынша тиісті шешім қабылдауымыз қажет. Міне, осы шешімнен кейін кім және қанша қаржы құятынын анықтайтын боламыз. Қор өз үлесін қосуға даяр. Бірақ несие берушілер де өз капиталдарын салуы тиіс», -  дейді Ө.Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар