Брюссель жасыл технологиялар мен шикізат бойынша ұсыныстар жасады

None
Фото: ru.euronews.com
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Брюссель Еуроодақ экономикасын жасыл технологияларға көшіру мен тау-кен өнеркәсібіне қатысты екі ұсыныс жасады. Бұл – таза өнеркәсіп туралы және аса маңызды шикізат туралы заңдар. Олар Жердегі климаттың өзгеруіне жауап бермейтін салаларға инвестиция тартуға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Еуропалық комиссияның атқарушы вице-төрағасы Франс Тиммерманс бұл ғасырдың ортасына қарай парниктік газ шығарындылары мен оны бейтараптандыру арасындағы айырмашылықты жоюға көмектесетінін айтты.

«Индустрияның көміртегі бейтараптығы туралы заңына сәйкес, өнімге деген қажеттіліктің кем дегенде 40%-ын Еуропада орналасқан нысандар арқылы өтеуді мақсат етіп отырмыз. Әрине, сыртқы әріптестерімізбен сауда-саттықты жалғастырамыз. Барлығы Еуропада өндірілмейді, бірақ Еуропада көбірек жасалуы керек», - деді ол.

Бұл шаралар АҚШ-та жасыл бизнеске мемлекеттік көмек көрсетуді қарастыратын инфляцияны төмендету туралы заңның қабылдануына жауап ретінде енгізілген.

Еурокомиссия өз тарапынан қоршаған ортаны ластамайтын салаларды субсидиялауға жол ашады. Оның ішінде жел, күн және бейбіт атом энергиясын пайдалану, жылу сорғыларын орнату, сыйымдылығы жоғары аккумуляторлар жасау бар. Бұл жобаларды іске асыруды жеделдету үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдету көзделген. Мұның бәрі ЕО-ның Қытай сияқты жеткізушілерден тәуелсіздігін нығайтуы тиіс.

Сондай-ақ, Еурокомиссия ЕО-ның электроника шығаруда пайдаланылатын аса маңызды шикізатқа қолжеткізуін жақсартуды көздейді. 2030 жылға қарай континентте сирек элементтердің 10%-ын өндіру және Еуроодақтың оларға деген сұранысын 40%-ға өтеу ұсынылады. Брюссель ЕО өзге астаналарынан жеткізушілерді диверсификациялауды талап етеді.


Соңғы жаңалықтар