Брюссель вакцинация бойынша Еуропада көш бастап тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бельгияда ересек тұрғындардың 70%-ы вирусқа қарсы толықтай егілді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Брюссель вакцинация бойынша Еуропада көш бастап тұр. Бельгияда ересек тұрғындардың 70%-ы вирусқа қарсы толықтай егілді. Бұл шамамен 6,5 миллион адамды құрайды» делінген хабарламада.

Валонияда, елдің астанасы мен неміс тілді халық тұратын бөлігінде екпе салдырған ересек тұрғындардың үлесі сәйкесінше 69%, 53% және 68%, Фландрияда – 73%-ке жетті.

Бельгияда пандемия кезіндегі жағдайлардың жалпы саны 1 122 951 құрайды.



Соңғы жаңалықтар