Брюссель тұрғындарына өз үйінің энерготиімділігін арттыруға несие беріледі

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап Брюссель тұрғындары өз үйінің жөндеу жұмыстары үшін несиелеудің жаңа түрін пайдалана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Брюссель аймақтық тұрғын үй қорының «Экорено» (Ecoreno) деп аталатын несиелендірудің жаңа бағдарламасында өтініш берушінің табысына байланысты 0-ден 1% дейін пайыздық мөлшерлеме қарастырылған. Қаржыландыру тұрғын үйлердің жылуды ұстап тұру жағдайын жақсартуға, сондай-ақ баламалы энергия көздерін орнатуға бағытталған.

«Электр энергиясына төлемдер шарықтап бара жатқан қазіргі уақытта, Брюссельдегі үй шаруашылықтары өз баспаналарының энергия тиімділігін жақсарту мүмкіндігін алуы тиіс», - деп түсіндірді тұрғын үй құрылысы және тең мүмкіндіктер жөніндегі статс хатшы Навал Бен Хаму «Bruzz» басылымына.

Оның айтуынша, энергия тиімділігін арттыру бойынша мұндай жұмыстарды құнының жоғары болуына байланысты халықтың едәуір бөлігі жүргізе алмайды. Бұл тұрғыда несиелеу бельгия қоғамының көптеген саласын қамтуға мүмкіндік береді.

Бельгияның қоршаған ортаны қорғау министрі Ален Марон ғимараттарды жөндеу өңір үшін басты мәселе деп санайды.

Бельгия үкіметінің мүшесі «Ecoreno» несиесін Брюссельдің барлық тұрғыны үшін әділ және ынтымақтастыққа негізделген энергия алмасуға кепілдік беретін маңызды шара ретінде қарастырады.





Фото: global-uploads.webflow.com


Соңғы жаңалықтар