Брюссель мейрамханасында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түліктен тағамдар даярлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссельдегі AUB-SVP мейрамханасы 9 наурызда алғаш рет өз клиенттеріне жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түліктен жасалған тағамдарды ұсынады.

Мейрамханадағылар бұл акция арқылы азық-түлік сататын сауда желілерінің иелерін жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлікті лақтырмай, оларды қайырымдылық ұйымдарына жіберу ниетін оятқысы келіп отыр.

Бельгияда ірі желілік дүкендер сатылмай қалған азық-түліктің оның жарамдылық мерзімі өтіп кетпегені және әлі де пайдалануға жарамды болғанына қарамастан, бір бөлігін қоқысқа лақтырады. Жыл сайын бельгиялық дүкендер 660 тоннаға дейін сатылмаған азық-түлікті лақтырып жібереді, бұл ретте елде 200 мыңға жуық адамның үнемі тамақтануға мүмкіндігі жоқ болып отыр, деп жазады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар