Брюссельдің орталығында полиция жанкешті белдігін байлаған ер адамды атып тастады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссель полициясы метро станциясы мен Гран-пляс алаңына жақын аймақта орналасқан орталық вокзал ғимаратынан адамдарды эвакуациялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі бельгиялық RTBF телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.

Осыған дейін вокзал маңында жарылыстың даусы естілгендігі хабарланған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ер адамды атып өлтірді. Куәгерлердің айтуынша, ол жарылғыш заты бар жанкештінің белдігін тағып алған.

«Премьер-министр Шарль Мишель мен ішкі істер министрі Ян Жамбон дағдарыс орталығындағы жағдайды жіті бақылауда»,-деп келтіреді премьер-министр Фредерика Кодельердің сөзін басылым.

Полиция қызметкерлері жағдайдың бақылауда екенін айтуда.

Соңғы жаңалықтар